X

«ЕНТ тапсырмаймын»

Күні: 14.12.2023 Уақыты: 19:30 Зал: «QAZAQSTAN» ОКЗ

Қазақстан мен Орталық Азиядағы тұңғыш «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік мюзикл театры белгілі драматург Людмила Разумовскаяның «Құрметті Елена Сергеевна» шығармасы желісімен жазылған «ЕНТ тапсырмаймын» драмасына шақырады.

Драманың сюжеті ұстаздарын туған күнімен құттықтауға келген мектеп бітірушілердің төңірегінде өрбиді. Қонаққа келген жастардың оқиғасы нағыз жанжал мен трагедияға айналады. Олардың әрқайсысының көздеген қитұрқы мақсаттары бар, оған қол жеткізуге бір ғана қадам қалады. Жасөспірімдер ар-ұжданнан аттап, қатыгездік пен зұлымдық жасауға қаншалықты дайын екен? Шиелініске толы оқиға көрерменге әр түрлі сезім сыйлайтыны анық.

Спектакльде ұрпақтар арасындағы текетірес, өскелең ұрпақтың қиындықтары, оқушылардың ата-аналармен, мұғалімдермен және қоғаммен қарым-қатынасына байланысты қазіргі кездегі маңызды тақырыптар қозғалады.

Бұл спектакль өткен ғасырдың 80-жылдарында үлкен резонанс тудырған және қазіргі уақытта да өзекті болып қала береді.

Қойылым режиссері – «Astana Musical» театрының көркемдік жетекшісі Еслям Нұртазин.

 

Поделиться в соц. сетях: