«ЕНТ тапсырмаймын»
19.01.2023
Драманың сюжеті өте қызық. Оқушылар өз мұғалімін туған күнімен құттықтап келеді. Бір қарағанда, бұл жақсы ықыласқа толы көрініс, бірақ олай емес. Әркімнің көздеген өз мақсаты бар. Оған қол жеткізу үшін кейіпкерлер қандай әрекетке барады? Ар-ұят пен әдептен аттауға дайын ба?
Спектакльде жасөспірімдердің басты проблемалары, түсініспеушілік пен ұрпақ сабақтастығы мәселелері көтерілген. Кезінде қоғамда резонанс тудырған пьеса белгілі режиссер, театрдың көркемдік жетекшісі Есләм Нұртазиннің режиссерлігімен сахналанады.
«Astana Musical» театры осы туынды арқылы жастарды ессіз әрекеттерден туындайтын күрделі мәселелерден абай болуға, оларға дер кезінде төтеп беруге шақырады.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз