X

Таир Нұрланұлы Қаратаев

Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының директоры

        Таир Қаратаев 1996-2007 жылдары К. Байсейітова атындағы республикалық дарынды балаларға арналған арнайы музыка мектебін виолончель сыныбы, 2007-2011 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын «Аспапта орындаушы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

         Еңбек жолын 2008 жылы «Қазақстан Камератасы» оркестрінің әртісі қызметінен бастады. 2015-2016 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің әртісі қызметіне қабылданып, одан кейін оркестр инспекторы, 2016-2018 жылы гастрольдік-концерт қызметінің жетекшісі, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы директорының орынбасары, 2018-2019 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театры директорының менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2020-2021 жылдары Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы директоры, 2021-2022 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының, 2022 жылдың ақпанынан ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының директоры қызметтерін атқарды.