дәстүрлі әнші, жыршы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Өнертану ғылымының кандидаты (доктор), Ғылым және білім министрлігінің қауымдастырылған профессоры
Елмұра Жаңаберген – дәстүрлі әнші, жыршы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Өнертану ғылымының кандидаты (доктор), Ғылым және білім министрлігінің қауымдастырылған профессоры
Білімі:
1988- 1994 Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерватория
1999 - 2004 Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аспирантурасы «Музыка өнері» мамандығы
Шығармашылық жетістіктері:
1992 ж. Алматы консерваториясының атынан АҚШ-та өткен «Сенім» фестиваліне қатысып Вашингтон, Нью-Йорк, Миссисипи, Пенсильвания, т.б. қалаларында терме-толғаулар айтып, дауысы сол елдің Алтын қорына жазылып алынған
1993–1994 жылдары Түркия мемлекетіндегі қандастарымыздың шақыртуымен Ыстамбұл қаласының Зәйтүнбур ауданында өнер көрсеткен
1998 ж. Москвада өткен Түркі халықтарының І-фестиваліне қатысып, фестиваль аясындағы жыраулар сайысында бір сағат онбес минут бойы жыр айтып, жеңімпаз атанған
1998 ж. Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен «Шығыс жұлдыздары» атты конкурста жүлделі орын алған
1998 ж. Францияцияда өткен Қазақстан Республикасы мәдениеті күндері аясында қазақ өнерінің жұлдыздары А.Мұсақожаева, Б.Тілеухан, «Гүлдер» бишілер тобы, т.б. қатынасқан фестиваль-концертте өнер көрсеткен
1999 ж. «Термеші, жыршы» атты шағын өлеңдер мен зерттеулер жинағы жарық көрген
1999 ж. Н.Кенжеғұлұлының «Тағаймұрат» атты дастанын жаздырған бір сағат 15 минуттық үнтаспасы жарық көрген
2001 ж. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің жеңімпазы атанған
2003 ж. Астана қаласында «Тыңдашы, халқым, жырымды» атты тұңғыш шығармашылық кешін өткізген
2004 ж. Москвада өткізілген Наурыз тойына шақырылған өнер жұлдыздары қатарында концертке қатысқан
2005 ж. Германиядағы Қазақстан Республикасы мәдениеті жылы аясында өткен өнер жұлдыздарының концертіне қатысқан
2006 ж. Францияда концерт берген
2006 ж. Барселона қаласында өткен Азия фестиваліне Қазақстаннан арнайы шақырылып, фестиваль-концертте жеке өзі бір сағат дастан жырлап, дауысы Алтын қорға жазылған
2007 ж. Астанада өткен «Таза мінсіз асыл сөз» атты жыраулар сайысында бас жүлдені жеңіп алған
2007–2008 ж.ж. Францияда екі жыл қатарынан өткізілген дүниежүзі қазақтарының Наурыз мерекесіне арнайы шақырылып, мерекелік концерттерге қатысқан
2009 ж. түркі халықтары арасында Қазақстан Республикасынан арнайы шақырылып, АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы дүние жүзі бойынша ерекше орын алатын білім ордасы Стенфорд университетінде бір сағат онбес минуттық жеке жыр кешін өткізген. Сол концерттік бағдарламасы арнайы дискіге жазылып, әлемдік интернет жүйесіне енгізілген
2010 ж. ақпан айында, қазақ халқының жыраулық-жыршылық дәстүрін насихаттау мақсатында, компакт-дискіге жазылған «Сырдың ерке аруы» атты терме-толғаулар жинағы жарық көрген
Құрметті атақтары:
2004 ж. ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі мен ҚР мәдениет пен өнерді қолдау мемлекеттік Қорының «Мәдениет қайраткері» (куәлік №911),
2010 ж. «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері»,
2021 ж. Қызылорда облысының Арал ауданының құрметті азаматы.
Ғылыми атақтары:
2010-2011 ж. Өнертану ғылымының кандидаты (доктор)
2022 ж. Ғылым және білім министрлігінің қауымдастырылған профессоры (доцент)
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз