X
Бұғышақ
Бұғышақ
Бұғышақ – көне музыкалық аспап.

Фото

Aспап туралы

    Бұғышақ – көне музыкалық аспап. Маралдың немесе бұғының мүйізін үңгіп, үрлейтін жағындағы ұшына дыбыс шығаратын тілше салынып жасалады. Ұзындығы 28–30 см. Алтайлықтар бұл аспапты «абырға», хакастар «пырғы» дейді. Үрмелі аспаптардың сүйек пен мүйізден жасалатын түрлері ертеден бері сақталған. Олар қамыс-қурай, ағаштан жасалатын үрлемелі аспаптарға қарағанда ұзақ сақталып бүгінге жетті. Соның бірі – бұғышақ. Аспаптың дыбысы марал мен бұғылардың даусына ұқсас болғандықтан жайылып жүрген маралдарды бір жерге жинау үшін қолданылған. Ел ішінде бұл аспапты «бұғы шақырғыш», «бұғы сыбызғы» деп те атайды. Оның даусы шыққан жерге жиналған маралдар мен бұғыларды аңшылар қолға үйретіп, асырайтын болған.

    Аспаптың жасалу технологиясы: Сыбызғыға ұқсайтын жалғыз ойығы бар бұғышақ аспабы сүйектен немесе мүйізден жасалады. Кейде дыбыс еркін, күшті шығу үшін аспаптың ұшына мүйіз түтік жалғайтын болған. Маралдың, бұғының дауысын келтіруге бейім бұғышақ үнінің өзгешелігі де осында. Жалпы, бұл аспапты шеберлер өз қиялымен түрлендіріп жасайды. Мүйіз ішін тазартып, сыртқы жағын оюлармен өрнектейді.

Поделиться в соц. сетях: