X

«COVID-19» қойылымы көрерменге жол тартты

21.02.2021

«Astana Musical» мемлекеттік театры «COVID-19» атты жаңа туындысын ұсынады. 

 Қойылымның премьерасы 26, 27 ақпан күндері сағат 19:30-да "Қазақстан" ОКЗ камералық залында өтеді.

Жаңа спектакльдің атауы өзі айтып тұрғандай, басты назарда – 2020 жылдың ең танымал сөзіне айналған «COVID-19» мәселесі. Қойылымда ойдан шығарылған кейіпкерлер мен үйреншікті пафосқа толы образдар жоқ. Туынды толығымен өміріміздің қазіргі болмысын көрсететін шынайы оқиғаларға негізделген. «COVID-19» хореографиялық спектаклі – бұл мәңгілік құндылықтар туралы пайымдаулар, адамдардың карантин кезіндегі ішкі ой-толғанысы, санамыздағы өзгерістер, көпшіліктің қисынсыз әрекеттері мен ойға қонымсыз түсініктері, соның нәтижесінде жақындарынан айырылған азаматтардың қайғы-қасіреті...  

Әлемді күрт өзгерткен COVID-19» пандемиясы бізді өзгерте алды ма?  Сақтық шаралары мен шектеулерге дейінгі өмір қайта орала ма? Осы және өзге де өзекті сауалдардың жауабын көрермендер «COVID-19» атты хореографиялық спектакльден табатын болады.

Спектакльдің режиссер-хореографы – «Astana Musical» театрының әртісі Анель Мурзагулова, музыкалық туындыларды да «Astana Musical» әртісі Ақжол Өмірзақов жазды. Осылайша театрдың көркемдік жетекшісі Есләм Нұртазиннің жетекшілігімен театрдың жас таланттары өздерін жаңа қырларын көрсетіп, ұрпақ сабақтастығының жарқын үлгісін көрсетуде.  

Поделиться в соц. сетях: