X

«Coupe Mondiale 79» байқауында қатысушылардың жеребе тарту рәсімі өтті

23.08.2026

«Coupe Mondiale 79» халықаралық баянистер мен аккордеоншылар байқауы аясында қатысушылардың жеребе тарту рәсімі өтті.

Жеребе нәтижесінде байқаудың жеті аталымы бойынша қатысушылардың өнер көрсету кезектері анықталды. Әр конкурсант өзіне тиесілі реттік нөмірін алып, алдағы сайыс кезеңдеріндегі сахнаға шығу реті белгіленді.

Енді қатысушылар халықаралық қазылар алқасы алдында өз шеберліктерін көрсетіп, үздік атану үшін бақ сынайды.

Поделиться в соц. сетях: