X

«Coupe Mondiale 79» байқауына қатысушыларды тіркеу басталды

22.08.2026

Бүгін Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында «Coupe Mondiale 79» халықаралық баянистер мен аккордеоншылар байқауына қатысушылар мен қазылар алқасы мүшелерін тіркеу жұмыстары өтіп жатыр.

Тіркеу сағат 14:00-ден 19:00-ге дейін жалғасады.

Биыл халықаралық додаға барлығы 147 өтінім қабылданды. Оның ішінде 126 жеке орындаушы және 21 ансамбль бар. Ансамбльдер құрамында 62 өнерпаз бақ сынайды. Ал байқауға қатысатын бірегей қатысушылар саны 153 адам.

Қатысушылар қатарында Ресейден - 69, Қазақстаннан - 40, Қытайдан - 24 өнерпаз бар. Сондай-ақ Португалия, Италия, Черногория, Сербия, Хорватия, Швейцария, Жапония, Өзбекстан, Бразилия, Босния және Герцеговина, Қырғызстан, Солтүстік Македония мен Беларусь елдерінің өкілдері қатысады.

32 өнерпаз бірнеше санатта, яғни жеке немесе ансамбль құрамында өнер көрсетеді.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Поделиться в соц. сетях: