X

«Coupe Mondiale 79» халықаралық байқауының негізгі конкурстық кезеңі басталды

24.08.2026

Бүгін, 24 тамызда Астанада өтіп жатқан «Coupe Mondiale 79» халықаралық баянистер мен аккордеоншылар байқауының негізгі конкурстық кезеңі басталды.

Күн таңғы сағат 09:00-де байқаудың салтанатты ашылу рәсімімен басталып, одан әрі бірнеше залда қатысушылардың конкурстық тыңдауларымен жалғасты.

Бүгін үш аталым бойынша өнерпаздар халықаралық қазылар алқасының алдында өз шеберліктерін көрсетті. Атап айтқанда, Coupe Mondiale және Junior Coupe Mondiale аталымдарының I кезеңі, сондай-ақ Classical Music Ensemble және World Music Ensemble бағыттары бойынша тыңдаулар өтті.

Бір күн бойы елорда сахнасында түрлі елдерден келген талантты баяншылар мен аккордеоншылардың орындауындағы классикалық және әлемдік музыка туындылары шырқалды. Әрбір қатысушы үшін бұл – кәсіби шеберлігін танытып қана қоймай, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды кезең.

«Coupe Mondiale 79» халықаралық байқауы жалғасуда. Алда қатысушыларды жаңа конкурстық кезеңдер, шешуші сындар мен жарқын музыкалық кездесулер күтіп тұр.

Поделиться в соц. сетях: