X

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» әртісі ТМД мемлекетаралық «Достастық жұлдызы» сыйлығының лауреаты атанды

15.09.2023

Жыл сайын ТМД мемлекеттерінің өкілдеріне гуманитарлық қызмет саласындағы аса маңызды жетістіктері үшін берілетін «Достастық жұлдызы» мемлекетаралық сыйлығының лауреаттары жарияланды.

2009 жылы Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңес және ТМД елдерінің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры құрған «Достастық жұлдызы» сыйлығы жоғары кәсіби жетістіктері үшін ҚР еңбек сіңірген қайраткері, опера әншісі, классикалық өнер бөлімінің басшысы Азамат Жылтыркөзовке бұйырды. Халықаралық байқаулар лауреатының репертуары арияларға, романстарға, шетелдік, орыс, қазақ композиторларының халық әндеріне бай. Ол Қазақстанда, Грузияда, Молдовада, Чехияда өткен көптеген халықаралық вокалдық байқаулардың қазылар алқасының құрамының белді мүшесі, белсенді концерттік және педагогикалық қызмет атқарады. Азамат Қайратұлының шәкірттері танымал «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары, ҚР Президентінің стипендиаттары, Қазақстанның опера театрларының жетекші солистері  - Азат Мәлік, Шыңғыс Расылхан, Сұлтан Бақытжан, Нематилло Зкруллаев, Руслан Мұстафин, Айбар Ашкеев, Алтынбек Әбілда, Ержан Саипов және т.б.

Әріптесімізді марапатымен құттықтай отырып, одан әрі шығармашылық табыс, зор денсаулық, отбасылық амандық және жаңа мансаптық биіктерді бағындыруын тілейміз.

 

 

 

Поделиться в соц. сетях: