X

«ASTANA MUSICAL» театры «Сиқырлы сазды хор-концерт» шоуын ұсынды

16.11.2026

«Astana Musical» мемлекеттік  театры көрермендерге ерекше музыкалық шоу ұсынды. 

«Сиқырлы сазды хор-концерттің» бағдарламасына қазақтың халық әндерінің хорға арналған интерпретациялары, ретро-композициялар және әлемдік музыка қорындағы танымал туындылар енді. Атап айтқанда, Майкл Джексон, Фредди Меркьюри және Пол Маккартнидің шығармалары орындалып, түрлі музыкалық бағыттар мен дәуірлердің үндестігі көрініс тапты. 

Театрландырылған қойылым элементтері мен орындаушылардың сахналық шеберлігі кештің мазмұнын байытып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсер сыйлады.

Поделиться в соц. сетях: