«СЕРПЕР» ҰЛТТЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
20.04.2025
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының бастамасымен және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен алғаш рет ұйымдастырылған өнер додасына 6 номинация бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен 70-тен астам үміткерден өтінім қабылданды.
Байқаудың бірінші кезеңі онлайн форматта ұйымдастырылып, бейнематериалдар негізінде сарапталған іріктеу нәтижесінде 42 қатысушы екінші кезеңге жолдама алды.
Екінші кезеңде үміткерлер Қазақконцерт сахнасында қазылар алқасының алдында өнер көрсетіп, өз шеберліктерін паш етті. Қазылар шешімімен әр номинация бойынша оза шыққан жастар Гала-концерт аясында марапатталды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
«Домбыра» номинациясы:
1 орын: Айшолпан Қасымова
2 орын: Ақбөкен Темір
3 орын: Мейірбек Әзімбаев
орындаушылық шеберлігі үшін Нұрғиса Тілендиев атындағы арнайы диплом - Нұрдәулет Сағатбек
«Қобыз» номинациясы
1 орын: Айгерим Ахметжанова
2 орын: Анарбек Мырзабай
3 орын: Жалғас Нұрашев
«Сыбызғы» номинациясы
1 орын: Аслан Гумаров
2 орын: Асқат Сағат
3 орын: Ерлан Саду
Халық күйлерін шебер орындағаны үшін Кәлек Құмақай атындағы арнайы диплом – Назира Омар.
«Шертер» номинациясы
1 орын - Уали Мұратқазин
2 орын - Ерік Шамшиден
3 орын - Тұрар Жарылхапов
халық күйлерін шебер орындағаны үшін Жарқын Шәкәрім атындағы арнайы диплом - Арон Жубангалиев
«Жетіген» номинациясы
1 орын - Айгерим Караменова
2 орын - Данагуль Гинаятова
3 орын - Акжунус Мурзагельдина
халық әндерін жетіген аспабына шебер өңдегені үшін Болат Сарыбаев атындағы арнайы диплом - Назерке Темірбекова
«Прима қобыз» номинациясы
1 орын - Ажар Хуан
2 орын - Гүлдара Нариман
3 орын - Алина Ауесхан
Меруерт Кәленбаева атындағы арнайы диплом Нұрайлым Әбді.
I Республикалық «Серпер» ұлттық өнер байқауы — ұлттық өнердің терең сазын ұлықтап, дәстүрлі өнерге бет бұрған жас таланттардың жаңа тынысын ашқан ерекше шығармашылық алаң, ұлттық мұраны жалғап, заманауи сахнада төл өнерімізді дәріптейтін тың жобалардың бірі ретінде бағаланды.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз