X

Әртістеріміз Түркияда өнер көрсетті

16.09.2023

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солистері, «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының әртістері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты Ерлан Рысқали және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қобызшы Раушан Оразбаева 1-15 қыркүйек аралығында Түрік жұртшылығының назарына қазақ композиторларының танымал шығармаларын ұсынды. Концерттік бағдарламада ғасырлар бойы сақталған қазақ халық музыкасының түрлі стильдері мен бағыттарының вокалдық және аспаптық туындылары орындалды. Музыканттар бауырлас түркі халықтары қазақ фольклорлық әуендеріне әрқашан үлкен қызығушылық танытанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Ерлан Рысқали – дәстүрлі және халық әндерін орындаушы, Арқа дәстүрлі музыка мектебінің өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты, «Халық қазынасы» дәстүрлі өнер орталығының жетекшісі.

Раушан Оразбаева - танымал қобызшы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қобызшының ауқымды репертуары қазақ авторларының шығармалары мен өз композицияларына бай. Раушан Оразбаева АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде және Түркияда концерттер мен шеберлік сыныптарымен өнер көрсетеді. Айта кету керек, 2001 жылы Рим Папасының Қазақстанға сапары кезінде өнер көрсетіп, құрметіне ие болды. Р. Оразбаева шығармашылығының германиялық шәкірттері мен жанкүйерлері оның шығармашылық қызметіне арналған неміс тілінде сайт құрды.

Поделиться в соц. сетях: