X

Медет Салықов «Құрмет» орденімен марапатталды

21.05.2026

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес ұлттық мәдениет пен өнерді өркендетуге және дәріптеуге сіңірген зор еңбегі үшін Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солисі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Медет Салықов «Құрмет» орденіне ие болды.

Аталған марапат – өнер иесінің мәдениет саласындағы ұзақ жылдық жемісті еңбегі мен ұлттық өнерді ұлықтауға бағытталған шығармашылық қызметінің жоғары бағалануының белгісі.

Әріптесімізді зор жетістігімен құттықтай отырып, шығармашылық өрлеу, тың жобалар мен өнер жолындағы толағай табыстар тілейміз!

Поделиться в соц. сетях: