X

Ұлттық домбыра күніне арналған концерт өтті

19.06.2021

Ұлттық домбыра күніне орай Қазақконцерт әртістері ұлттық музыканың үздік әуендерінен құрылған «Сал домбыра» атты мерекелік  концерт ұсынды.

Концерт бағдарламасына қазақ руханияты мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосып кеткен, биыл мерейтойлары атап өтілетін композиторлар мен ақын-жыраулардың шығармалары енген. Сахнада Кете Жүсіп, М.Мералыұлы, Наурызбек жырау, Жарылғапберді, Ж.Жабаев, Д.Нұрпейісова, Қ.Күржіманұлы, Қ.Ахмедияров, Т.Рахимов, Д.Рақышев, Қ.Жапсарбаев І.Жақанов, М.Мақатаев М.Ержанов қалдырған музыкалық туындылар орындалды.

Рухани күш-қуат сыйлайтын концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали бастаған «Халық қазынасы» бөлімінің әртістері өнер көрсетті.

Ән мен күй, жыр-термелер шалқыған кеш ерекше форматта ұйымдастырылды. Бұл кештің басты ерекшелігі – көрермендер концертті әртістермен бірге сахнада отырып тамашалай алды. Сахнаның ұлттық нақышта безендірілуі де көрермендерді тамсандырды. «Алтын орда» авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы Ырза Тұрсынзада ханымның көмегімен сахнаның сән-салтанаты мен көркі көрерменнің назарын бірден баурап алды.



Поделиться в соц. сетях: