«ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» мәдени жобасы Қазақстан өңірлерінде бастау алды
22.05.2026
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен және «Қазақстан Халық банкі» АҚ демеушілігімен өтіп жатқан «ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» мәдени жобасының алғашқы күнінде 6000-ға жуық көрермен концерттерді тамашалады. Ұйымдастырылған концерттік-гастрольдік тур аясында өнер майталмандары халықпен жүздесіп, концерттік бағдарламаларын ұсынуда.
21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен тұспа-тұс келген «ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты жетекші шығармашылық ұжымдар Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жетісу, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Түркістан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында алғашқы концерттік бағдарламаларын сәтті өткізді.
«ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» жобасы – ұлттық руханиятты дәріптеуге, халықтық музыкалық мұраны кеңінен насихаттауға бағытталған ауқымды мәдени бастама. Жоба аясында еліміздің әр өңіріндегі көрермендерге дәстүрлі және заманауи өнердің үздік үлгілері ұсынылып, ұлттық мәдениеттің бай мұрасы кеңінен таныстырылуда.
Концерттік бағдарламаларға Қазақстанның танымал әншілері, шығармашылық ұжымдары мен өнер майталмандары қатысып, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әсіресе шалғай аудан орталықтары мен ауыл тұрғындары үшін ұйымдастырылған мәдени кездесулер ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттырып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Жобаның басты мақсаты – жоғары деңгейдегі мәдени іс-шаралар арқылы халықтың өнерге қолжетімділігін арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және өңірлердегі мәдени байланысты нығайту.
«ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» концерттік-гастрольдік туры 23 мамырға дейін жалғасып, еліміздің бірнеше өңірінде көрерменмен жүздеседі.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз