X

«№13» комедиясы аншлагпен өтті!

24.01.2026

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры сахналаған «№13» комедиясы аншлагпен өтті! Көрермен күлкілі жағдайлар мен күтпеген оқиғаларға толы қызықты қойылымға куә болды.

Ағылшын драматургы Р. Кунидің «№13» пьесасы - бүкіл әлем театр сахналарының сәніне айналған сәтті туынды. Британ театрының алтын қорына ХХ ғасырдағы ең үздік ағылшын комедияларының бірі ретінде енген пьеса.

Комедияда қоғамның игілігі үшін қызмет атқарудың орнына демалуды ұйғарып, бес жұлдызды қонақүйдің 13-нөмірінде өзінің саяси қарсыласының хатшысымен құмарлыққа бой алдырған Ричард Уиллидің басынан өткен оқиғасы баяндалады.

Сан алуан жанрларды біріктірген спектакльде шиелініске толы әрекеттердің қайталануы, саяси оқиғалардың көрініс табуы көрермендерді әр түрлі эмоцияға бөлеп, таңғалдырғаны анық.

Р. Кунидің пьесасының желісімен сахналанған спектакльдің режиссері әрі театрдың көркемдік жетекшісі Е.Нұртазин арнайы жазылған музыкалық партиялар арқылы әр кейіпкердің мінезін ашуға баса назар аударған.

 

Поделиться в соц. сетях: