X

І Республикалық «Серпер» ұлттық өнер конкурсының ережелері

05.02.2025

І Республикалық «Серпер» ұлттық өнер конкурсының

өткізу ережелері

 

1-тарау. Жалпы ереже

  1. І Республикалық «Серпер» ұлттық өнер конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережелері (бұдан әрі – Ереже) І Республикалық «Серпер» ұлттық өнер конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу тәртібін айқындайды.
  2. Конкурс 2025 жылғы 18-20 сәуір аралығында Астана қаласында өткізіледі.
  3. Конкурсты дайындау мен өткізуді ұйымдастырушы «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы» РМҚК (бұдан әрі –  Қазақконцерт) болып табылады.

2-тарау. Конкурстың мақсаты мен міндеттері

  1. Конкурстың мақсаты мен міндеттері:
  1. ұлттық мәдениет пен өнердің үздік дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту, дамыту және насихаттау;
  2. қазақ халқының бай мәдени музыкалық мұрасын насихаттау, мұраны кейінгі ұрпаққа дәріптеу;
  3. қатысушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, талантты орындаушыларды анықтау және ынталандыру;
  4. жастарды патриоттық тәрбиелеу, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу.

3-тарау. Конкурсты өткізу тәртібі

  1. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 10 ақпаннан  25 наурызға дейін 6 номинация бойынша жүргізіледі: «Домбыра»; «Қобыз»; «Прима қобыз»; «Шертер»; «Жетіген»; «Сыбызғы».
  2. Конкурс 2 кезеңнен тұрады:
  1. I кезең (іріктеу) – 2025 жылғы 26-28 наурыз аралығында онлайн форматта;
  2. ІІ кезең «Домбыра», «Қобыз», «Сыбызғы» номинациялары бойынша –       2025 жылғы 18 сәуір күні офлайн форматта;
  3. ІІ кезең «Прима қобыз», «Шертер», «Жетіген» номинациялары бойынша – 2025 жылғы 19 сәуір күні офлайн форматта өтеді. 
  1. Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімі 2025 жылғы 20 сәуір күні өтеді.
  2. Конкусқа қатысушылар номинациялардың біреуіне ғана қатыса алады. 
  3. Конкурсқа 18 жастан 35 жасқа дейінгі орындаушылар, Республикалық және халықаралық байқаулардың, телевизиялық конкурстардың қатысушылары, Қазақстан Республикасының Мәдениет және өнер саласындағы оқу орындарының студенттері қатысады.
  4. Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімді мынадай құжаттар мен материалдарды (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) қоса бере отырып, электрондық түрде жібереді:

- жеке басын куәландыратын құжаттың сканерленген нұсқасы немесе төлқұжатының PDF нұсқасы;

- шығармашылық өмірбаяны;

- конкурсқа қатысушының түрлі-түсті фотосуреті, өлшемі 16х9 (JPEG форматында);

- білімі туралы дипломының сканерленген нұсқасы;

- лауреаттық туралы дипломының сканерленген нұсқасы (бар болса);

- оқу орнынан анықтаманың сканерленген нұсқасы (студенттер үшін);

- І кезеңнің бейнежазбасына сілтеме (іріктеу).

I кезеңнің бейнематериалы (іріктеу) сапалы болуы керек (Mp4, FНD форматы). Бейнетүсірілім концерт залында/камералық залда/сыныпта, көлденең форматта, бейнекамераны монтаждаусыз, өшірусіз және тоқтатусыз (нон-стоп режимінде), бағдарламаны орындаудың басынан аяғына дейін жүргізілуі тиіс. Қатысушылар дайын бейнематериалды YouTube платформасына жүктеуі керек. 

Осы тармақта көзделген құжаттар топтамасының нысанына сәйкес емес және (немесе) оған қосымшасыз өтінімдер қарауға жатпайды.

  1. Өтінімдер электрондық поштаға жіберіледі:

- «Домбыра» номинациясы бойынша – dombyra@qazaqconcert.kz,   + 7 747 555 4475

- «Қобыз» номинациясы бойынша – qobyz@qazaqconcert.kz, +7 747 787 1386

- «Прима қобыз» номинациясы бойынша – prima_qobyz@qazaqconcert.kz+7 775 826 7520

- «Шертер» номинациясы бойынша – sherter@qazaqconcert.kz, +7 701 798 5090

- «Жетіген» номинациясы бойынша – zhetigen@qazaqconcert.kz, +7 707 811 0630

- «Сыбызғы» номинациясы бойынша – sybyzgy@qazaqconcert.kz,    +7 705 421 9297

Анықтама телефондары: +7 701 913 31 60,   + 7 747 787 13 86. 

  1. Қазақконцерт әлеуметтік желілерде хабарлай отыра, өтінімдерді қабылдауды белгіленген мерзімге дейін тоқтатуға не өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзартуға құқылы.
  2. Қатысушыларға қонақ үй және ішкі трансфер шақырушы тараптың есебінен жүргізіледі. Конкурсқа қатысушылардың Астана қаласына дейін және кері жол жүру және тамақтану шығындары қатысушылар есебінен төленеді.
  3. Қатысушылар Астана қаласына дейін және кері бағыттағы әуе және т/ж билеттерін конкурстың ІІ кезеңіне қатысатындығы туралы расталғаннан кейін сатып алады. 
  4. Конкурстың ІІ кезеңіне әр номинация бойынша 10-нан аспайтын қатысушы өтеді. 
  5. Қатысушылардың конкурсқа қатысу кезектілігі ІІ кезеңнің басталуына                  1 (бір) күн қалғанда жеребе арқылы белгіленеді.
  6. Марапаттау рәсіміне қажет болған жағдайда осы Ереженің 4-қосымшасында көрсетілген конкурс бағдарламасына сәйкес өтеусіз негізде І дәрежелі лауреаттар қатысады. Қазылар алқасының мүшелері марапаттау рәсімінің концерттік бағдарламасын өзгертуге немесе түзетулер енгізуге құқылы.
  7. Қатысушылар ноталық материалды ұсынған кезде, Қазақконцерт қажет болған жағдайда, концертмейстерлерді ІІ кезеңде өтеусіз негізде өнер көрсету үшін ұсына алады. 
  8. Конкурстың ІІ кезеңіне өзінің концертмейстерімен өнер көрсеткен жағдайда қатысушы оның барлық шығындарын (жол жүру, қонақ үй, тамақтану) өзіне алады.
  9. Қатысушылардың дайындықтары мен өнер көрсетуі конкурстың Ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі –  Ұйымдастыру комитеті) ұсынған кесте мен регламент бойынша жүзеге асырылады.

4-тарау. Ұйымдастыру комитеті

  1. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес құрамда конкурс өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрылады.
  2. Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау мен өткізуге басшылықты жүзеге асырады.
  3. Ұйымдастыру комитеті конкурсты радио және теледидар, интернет-ресурстары, цифрлық жазба және оларды одан әрі тарату бойынша тарату құқығын өзіне қалдырады.
  4. Конкурстың барлық материалдарын (баспа өнімі, аудио, видео) Ұйымдастыру комитеті Қазақстан Республикасының Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасын басшылыққа ала отырып, өзінің меншігі деп санайды. Конкурстың ережесін, оның логотипін, символикасын және басқа да материалдарын Ұйымдастыру комитетінің келісімімен ғана пайдалануға болады.
  5. Конкурсқа қатысушылар Ұйымдастыру комитетіне конкурстың мақсаттарын іске асыру және одан әрі кедергісіз пайдалану үшін, фото және бейнематериалдарды жинақтау, сақтау, сондай-ақ қатысушылардың фото және бейнематериалдарымен кез келген өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін, қажетті фото және бейнетүсірілімге қатысты кез келген іс-қимылды жүзеге асыруға құқық береді.
  6. Ұйымдастыру комитеті іс-шараны ақпараттық-жарнамалық қолдау түрлерін айқындайды. 
  7. Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.

5-тарау. Конкурстың Қазылар алқасы

  1. Конкурсқа қатысушылардың сөйлеген сөздерін бағалау, сондай-ақ қорытындыларды шығару және лауреаттарды айқындау туралы шешімдер қабылдау үшін конкурстың қазылар алқасы (бұдан әрі – қазылар алқасы) құрылады. Қазылар алқасының құрамына Қазақконцерттің әртістері және 3-қосымшаға сәйкес Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлері кіреді.
  2. Төрағаны қоса алғанда, қазылар алқасының құрамы 5 (бес) адамнан құралады.
  3. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды, хаттамамен рәсімделеді және қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды.
  4. Конкурстың қазылар алқасы қатысушыларды 10 (он) балдық жүйе бойынша бағалайды. 
  5. Дауыстар тең болған жағдайда қазылар алқасы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
  6. Конкурстың қазылар алқасы қатысушыларды келесі критерийлер бойынша бағалайды:
  1. орындаушылық шеберлігі;
  2. сахналық бейнесі;
  3. артистизм.
  1. Конкурстың қазылар алқасы:
  1. қатысушының сөзін бөлуге;
  2. конкурсқа қатысушыға «Арнайы сыйлық» (шығарманы үздік орындағаны үшін және т.б.) тағайындауға құқылы.
  1. Конкурстың қазылар алқасы жүлделі орындар мен дипломдарды конкурсқа үміткерлер арасында бөле алмайды. 
  2. Қазылар алқасының шақырылған мүшелеріне гонорар төлеу олармен жасалған шарттарға сәйкес жүргізіледі.
  3. Шақырылған қазылар алқасының мүшелеріне іс-шараны өткізу шеңберінде Астана қаласына және кері бағыттағы жол, қонақ үй және Астана қаласы бойынша трансфер (Астана қаласында тұратындарды қоспағанда) шығындарын өтеу байқауды өткізу үшін көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

6-тарау. Конкурсты қаржыландыру

  1. Конкурсты қаржыландыру Қазақконцерт бөлген қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Конкурста әр номинация бойынша келесі ақшалай сыйлықтар белгіленеді:

  1. I орын (бір) – 1 500 000 теңге (салықтарды қоса алғанда);
  2. II орын (бір) – 1 000 000 теңге (салықтарды қоса алғанда);
  3. III орын (бір) – 500 000 теңге (салықтарды қоса алғанда);
  1. Конкурс лауреаттарына ақшалай сыйлықтар төлеу олардың банктердегі дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
  2. Ақшалай сыйақыларды аудару үшін, қазылар алқасының барлық мүшелері қол қойған байқау хаттамасы негіз болып табылады.
  3. Заңды және жеке тұлғалардың демеуші ретінде әрекет етіп, белгілі бір номинация бойынша жеңімпаздарды айқындап, көтермелеулеріне жол беріледі.

7- тарау. Қорытынды ереже

  1. Осы Ережеде көзделмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

І Республикалық «Серпер» ұлттық өнер конкурсын өткізу ережесіне 1-қосымша

Өтінім

Қатысушының Т.А.Ә.

 

Туған уақыты және жылы

 

Тұрғылықты жері

 

Оқу немесе жұмыс орны

 

Білімі

 

Басқа конкурстарға қатысу

 

Номинация

 

І кезең бағдарламасы (іріктеу)

 

 

І турдың бейнежазбасына сілтеме (YouTube):

 

 

II кезең бағдарламасы:

 

Байланыс деректері:

тұрғылықты мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы, әлеуметтік желілерге сілтемелер (instagram, Facebook, TikTok және    т.б.)

 

 

Сөйлеген сөзімнің фото және бейнематериалдарын жарнамалық мақсатта пайдалануға келісім беремін

 

 

 2025 жыл

(күні)

 

    қолы

     

 І Республикалық «Серпер» ұлттық өнер конкурсын өткізу ережесіне 4-қосымша

КОНКУРСТЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Домбыра номинациясы»

Қатысушылар әр кезеңде шығармаларды жатқа орындайды. Шығармалар қайталанбауы керек.

Конкурс қатысушыларына «плюс» фонограммасымен өнер көрсетуіне, негізгі партиялардың аспаптық қайталануына (жазба) тыйым салынады.

I кезең (онлайн)

  1. Абыл. «Абыл».
  2. Тәттімбет. «Сарыжайлау» (Ә. Хасенов нұсқасы).
  3. Мырза Тоқтаболатұлы. «Ташауыз» (Н. Жәлімбетов нұсқасы).
  4. Сүгір. «Кертолғау».
  5. Құрманғазы. «Серпер».

II кезең

  1. Қазанғап. «Күй шақырғыш ақжелең».
  2. Шортанбай. «Шортанбайдың шертпесі».
  3. Махамбет. «Жауға шапқан».
  4. Мүкей. «Қосбасқан Қоңыр».
  5. Қ. Ахмедияров. «Хамаң толғау».

«Қобыз» номинациясы

Қатысушылар әр кезеңде шығармаларды жатқа орындайды. Шығармалар қайталанбауы керек.

Конкурс қатысушыларына «плюс» фонограммасымен өнер көрсетуіне, негізгі партиялардың аспаптық қайталануына (жазба) тыйым салынады.

I кезең (онлайн)

  1. Күйсандықтың сүйемелдеуімен виртуозды шығарма.
  2. Қобызға лайықталған дәстүрлі ән сүйемелдеусіз (қатысушы кез келген дәстүрлі әндерден қобызға лайықтап түсіріп орындауына болады).
  3. Ықылас. «Қорқыт» (Д. Мықтыбаевтың орындауындағы нұсқа).
  4. Ықылас. «Қазан» (таңдауы бойынша нұсқа) қатысушы кімнің орындауындағы нұсқасы екенін бағдарламада көрсетуі тиіс.
  5. Қобызға лайықталған домбыра күйi (таңдауы бойынша нұсқа) қатысушы кімнің орындауындағы нұсқасы екенін бағдарламада көрсетуі тиіс.
  6. С. Әбдiнұров. «Диуани хикмет» (нотасы, дыбыс жазбасы ұсынылады).

II кезең

  1. Күйсандықтың сүйемелдеуімен кантиленалы шығарма.
  2. Ықылас. «Қамбар батыр» (Д. Мықтыбаевтың орындауындағы нұсқа).
  3. Ықылас. «Жезкиік» (Ж. Қаламбаевтың орындауындағы нұсқа).
  4. Ықылас. «Тоғыз толғау» (нотасы, дыбыс жазбалары ұсынылады).
  5. Ықылас. «Кертолғау» (таңдауы бойынша нұсқа, қатысушы кімнің орындауындағы нұсқасы екенін бағдарламада көрсетуі тиіс).
  6. Ықылас. «Аққу» (Д. Мықтыбаевтың орындауындағы нұсқа).

(Күйсандықтың сүйемелдеуімен орындалатын шығармалардың біреуі Қазақстан композиторларының туындысы болуы керек).

«Прима-қобыз» номинациясы

Қатысушылар әр кезеңде шығармаларды жатқа орындайды. Шығармалар қайталанбауы керек.

Конкурс қатысушыларына «плюс» фонограммасымен өнер көрсетуіне, негізгі партиялардың аспаптық қайталануына (жазба) тыйым салынады.

I кезең  (онлайн)

  1. Каприс соло (Я. Донт, Л. Коган, Г. Венявский, Н. Паганини).
  2.  Қазақстан композиторларының кантилена сипатындағы шығармасы.
  3. Шетел композиторларының виртуозды шығармасы.
  4.  Күрделі формадағы шығарма: Концерт (1 немесе 2–3 бөлімдері).

Қатысушылардың назарына: А. Жайым. №1 скрипка мен оркестрге арналған концерт барлық 3 (үш) бөлімдері толық орындалуы міндетті.

II кезең

       1. А. Жайым. «Күй - Дастан» фантазиясынан «Аңсау», «Шаттық елі».

      2. Шетел композиторларының кантилена сипатындағы шығармасы.

     3. Күрделі формадағы шығарма: Концерт (1 немесе 2–3 бөлімдері).

«Шертер» номинациясы

Қатысушылар әр кезеңде шығармаларды жатқа орындайды. Шығармалар қайталанбауы керек.

Конкурс қатысушыларына «плюс» фонограммасымен өнер көрсетуіне, негізгі партиялардың аспаптық қайталануына (жазба) тыйым салынады.

I кезең (онлайн)

  1. ⁠Орындаушының шеберлігін көрсететін виртуозды шығарма.
  2. Күрделі форма (концерт 1 бөлім немесе 2, 3 бөлімдер, Соната 2 бөлімнен кем емес, сюита 3 бөлімнен кем емес).
  3. Қазақстан композиторының кантиленасы.
  4. Шертер немесе үш ішекті домбыраға арналған бір күй.
  5. Шертерге лайықталған күй.

II кезең

  1. Шертер немесе үш ішекті домбыраға арналған бір күй.
  2. Шертерге лайықталған күй.
  3. Арман Жайым. Концерттік фантазия (байқауға арнайы жазылған міндетті шығарма. Нотасы, дыбыс жазбасы ұсынылады).
  4. Орындаушының шеберлігін көрсететін виртуозды ауқымды шығарма.
  5. Кантиленалық сипаттағы шығарма.

«Жетіген» номинациясы

Қатысушылар әр кезеңде шығармаларды жатқа орындайды. Шығармалар қайталанбауы керек.

Конкурс қатысушыларына «плюс» фонограммасымен өнер көрсетуіне, негізгі партиялардың аспаптық қайталануына (жазба) тыйым салынады.

I кезең (онлайн)

  1. Төкпе күй (қатысушының қалауы бойынша).
  2. Шертпе күй (қатысушының қалауы бойынша).
  3. Қатысушының шеберлігін көрсететін шетел композиторларының күрделі формадағы шығармасы (күйсандықтың сүйемелдеуімен).

II кезең

  1. Аспаптың мүмкіншілігін көрсететін заманауи интерпретацияда қазақ халық әуендеріне жазылған жаңа өңдеулер.
  2. Б. Ақтаев.«Көктем сазы» (күйсандықтың сүйемелімен. Нотасы ұсынылады).
  3. Қатысушының техникасы мен күйді орындау шеберлігін көрсететін таңдау бойынша күй.
  4. Заманауи Қазақстан композиторларының күйі.
  5. ⁠Қатысушының шеберлігін көрсететін виртуоздық сипаттағы шетел композиторларының күрделі формадағы шығармасы.

«Сыбызғы» номинациясы

Қатысушылар әр кезеңде шығармаларды жатқа орындайды. Шығармалар қайталанбауы керек.

Конкурс қатысушыларына «плюс» фонограммасымен өнер көрсетуіне, негізгі партиялардың аспаптық қайталануына (жазба) тыйым салынады.

I кезең (онлайн)

  1. Кәлек Құмақайұлы «Шопансазы».
  2. Халық күйі «Жаралы ақ бөкен».
  3. Халық күйі «Бөкен жарғақ».
  4. Өз таңдауымен бір күй.

II кезең

  1. Кәлек Құмақайұлы «Арман».
  2. Халық күйі «Арбиян қоңыр».
  3. Халық күйі «Жорға аю».
  4. Өз таңдауымен бір күй.

Поделиться в соц. сетях: