X

Қазақконцерт орындаушыларға арналған тыңдалым жариялайды

20.01.2026

Қазақконцерт «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің әртісі лауазымына (сазсырнай, үрмелі аспаптар) қабылдау үшін орындаушыларға арналған тыңдалым жариялайды.

 

Тыңдалым талаптары:

  1. Орындаушының техникалық шеберлік деңгейін айқындайтын шығарма және контиленді шығарма орындау
  2. Нотаны бірден оқып орындау қабілетін тексеру
  3. Сұхбат (сұрақ-жауап)

 

Тыңдалымға қатысушылардың сазсырнай аспабында еркін ойнай алуы міндетті.
Қосымша аспаптарда (флейта, сыбызғы, дудук және т.б.) орындау шеберлігі ескеріледі.

 

Өтетін орны:
Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1,
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы, камералық зал

Өтетін уақыты:
2026 жылғы 2 ақпан, сағат 11:00

 

Байланыс телефоны:
тел.: +7 (747) 675-72-05

 

Резюмелер ruslan.makymov@gmail.com электрондық поштасы арқылы қабылданады.

 

Тыңдалымға тіркелу үшін мына сілтеме арқылы өту қажет: https://forms.gle/PBYp6UEk3eH57u6b8

 

Поделиться в соц. сетях: