X

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: БІЗ ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛТ РЕТІНДЕ ТЕК АЛҒА ҚАРАУЫМЫЗ КЕРЕК

05.01.2024

Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген ауқымды сұхбаты жарияланды. Еліміздің саясаты, әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім, идеология салаларындағы өзекті мәселелер көтерілген сұхбатта Қасым-Жомарт Кемелұлы әр сұраққа кеңінен тоқталып, ішкі және сыртқы саясаттағы ағымдағы жағдайға егжей-тегжейлі талдау жасап, сонымен қатар мемлекетіміздің барлық салаларда одан әрі дамуы жолындағы стратегиялық мәселелеріне де ерекше назар аударды. Өткен жылда жеткен жетістіктермен қатар, алдағы жылдағы мақсаттар мен міндеттерді айшықтады және Мемлекет басшысы болашақта әрбір азаматтан батыл және нәтижелі шешімдерді талап ететінін анық көрсетті. Аталған мәселелерді талқылауға және ортақ шешім қабылдауға қоғамның белсене араласуы нәтижелі болып, жұмыла біріккен күш-жігер Қазақстанның неғұрлым жарқын және орнықты болашаққа табысты ілгерілеуін қамтамасыз етеді деп үміттенеміз.

Поделиться в соц. сетях: