X

FORTE-TRIO Қазақстан мәдениетін Францияның үздік концерттік залдарында ұсынады

11.12.2021

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «FORTE-TRIO» мемлекеттік триосы Францияның атақты концерттік залдарында отандық классикалық музыканың үздік үлгілерін паш етпек. 


«FORTE-TRIO» мемлекеттік триосы Франция елінің төрт қаласын қамтитын халықаралық гастрольдік сапарын бастайды. Өнер ұжымының концерттері атақты Сortot (Париж, 15 желтоқсан), Theatre de la sinne  (Мюлуз, 16 желтоқсан), Мэрияның тарихи сарайы (Нанси, 17 желтоқсан) және «Моliere» (Лион, 22 желтоқсан) залдарында өтеді. Шетелдік көрермендер трионың орындауында қазақстандық композиторлардың туындылары мен еуропалық классикалық музыканы тыңдай алады.

«Forte Trio» – еліміздегі белгілі камералық-аспаптық ансамбльдердің бірі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеевтің көркемдік жетекшілігімен өнер көрсететін трионың шығармашылығы Қазақстанда да, шетелде де кеңінен танылған. Әлемнің үздік концерттік залдарында өнер көрсетіп жүрген трио жоғары кәсібилігімен ерекшеленеді. Forte Trio Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының құрамын кіреді.

Трионың халықаралық гастрольдік турнесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтеді. «Forte Trio» ұжымының Франция қалаларында өнер көрсетуі қазақстандық мәдениеттің заманауи бейнесін паш етіп, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына тамаша тарту болмақ.


Поделиться в соц. сетях: