X

"Ескендір аға туралы". Арнайы шығарылым

02.05.2021

«Қазақконцерт» ұйымының әртістері «Ескендір аға туралы» атты арнайы шығарылым ұсынды. Онлайн форматтағы іс-шарада Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің әндері орындалып, оның өнегелі өнері туралы естеліктер айтылды.


Өздерінің естеліктерімен «Қазақконцерт» ұйымының көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев; ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор Серік Еркімбеков; Қазақстан композиторлары одағының төрағасы Серікжан Әбдінұров бөлісті.


Онлайн форматта Қазақконцерттің жас әншілері мен «Астана мюзикл» театрының әртістері Ескендір Хасанғалиевтің өміршең әндерін жанды дауыста орындады. Арнайы шығарылым  Қазақконцерттің Qazaqconcert Live YouTube арнасында қолжетімді.




Поделиться в соц. сетях: