X

Елордалықтар "Романс души моей" концертін тамашалады

12.06.2021

"Жұлдызбен бір сахнада" жобасының аясында Қазақконцерттің үлкен сахнасында "Романс души моей" концерті өтті. Қазақ классикалық романстарының көркемдігін паш еткен концерт өнер сүйер қауымның зор ықыласына бөленді.

Бұл кеште қазақ композиторлары шығарған романстар, танымал әндер мен камералық-вокалдық туындылар орындалды. Концерттік бағдарламаға Абай, С.Мұхамеджанов, Н.Меңдіғалиев, М.Төлебаев, Н.Баймұхамедов, Л.Хамиди, А.Жұбанов, Н.Тілендиев, Е.Рахмадиев, С.Еркімбеков сынды композиторлардың баршаға танымал шығармалары енген. Қазақ романсының ғажайып әрі қайталанбас әлемі өзіндік әуенімен және ерекше философиялық мазмұнымен ерекшеленеді.

Көрермен қауым Азамат Желтыргузов, Медет Чотабаев, Азат Малик, Бибігүл Жанұзақ, Айзада Капонова, Салтанат Ахметова, Альфия Каримова, Айгерім Алтынбектің өнерін тамашалай алды. Бұл концерттің басты ерекшелігі – көрермендер концерттерді әртістермен бірге сахнада отырып тамашалап, концерттердің тікелей қатысушысы бола алды. 

Поделиться в соц. сетях: