«BIRLIK» ансамблі Макаода өткен XXXVI халықаралық өнер фестивалінің ашылуында өнер көрсетті
08.05.2026
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» МАКҰ «Бірлік» ән-би ансамблі 8 мамырда Макаода өткен XXXVI Макао өнер фестивалінің ашылу салтанатына гастрольдік сапармен қатысып, Қазақстанның ұлттық мәдениетін халықаралық сахнада таныстырды.
Этносаралық татулық пен мәдени үндестікті насихаттайтын ұжым қазақ халқының рухы мен дәстүрлі өнерін шетелдік көрерменге ұсынды.
Ашылу кешінде Қазақстанның әр өңірінен халық билері орындалып, «Бірлік» ансамблі Макаоның жергілікті ұжымдарымен бірге өнер көрсетіп, мәдени диалогтың маңызын айшықтады.
Фестиваль биыл «Шабыттың жаңа толқындары» тақырыбымен өтіп, Италия, Португалия, Қазақстан және басқа елдердің өнерпаздарын біріктірді.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз