X

Қазақконцертте Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалдық конкурсына арналған баспасөз конференциясы өтті

13.05.2026

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақконцертте Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалдық конкурсына арналған баспасөз конференциясы өтті. 

Баспасөз конференциясына қазылар алқасының мүшелері Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Лаки Кесоглу, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Болатбек Букенов, Жеңіс Ысқақова, Сембек Жұмағалиев және Қырғыз Республикасының халық әртісі Рыскелді Осмонқұлов қатысты. 

Қазылар алқасының мүшелері байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Іс-шара барысында байқаудың екінші кезеңі, қатысушылар құрамы, қазылар алқасының жұмысы және Гала-концерт туралы ақпарат берілді. 
Сонымен қатар іс-шараға Роза Бағланованың ұлы Тәжен Бағланов пен келіні Марал Бағланова қатысты.

Конференция барысында конкурсқа қатысушылардың реттік саны жеребе әдісімен анықталды.

Конкурсқа Қазақстан өңірлерінен сондай-ақ Түркия, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен жалпы 137 өтінім қабылданып, 20 қатысушы келесі кезеңге өтті. 

13 мамырда өтетін екінші кезеңде Бас жүлде иегері мен, жүлделі орындардың лауреаттары анықталмақ.

Жеңімпаздар 14 мамыр күні өтетін Гала-концертте анықталады. 

Гала-концертте жеңімпаздармен қатар, Қазақконцерттің әртістері өнер көрсетеді. 

Барша өнерсүйер қауымды қорытынды Гала-концертте күтеміз!

Поделиться в соц. сетях: