X

«АЛДАР КӨСЕ» МЮЗИКЛІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ

30.11.2022

 

«Қазақконцерттің» жас көрермендерін Жаңа жыл мерекесіне тамаша сыйлық күтіп тұр! 2022 жылдың 14-15 желтоқсан күндері,  2023 жылдың 5,6,7 қаңтар күндері Балалар жылына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстандағы және Орталық Азиядағы тұңғыш «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік музыкалық театры жас көрермендерге арнап жаңа премьера – «Алдар Көсе» мюзиклін ұсынады.

Қойылымның сюжетінде қазақ халқының жарқын, қызықты және тағылымды көрінісі баяндалады. Сондай-ақ, мюзикл халық батырының мәңгілік бейнесін жасауға, мықты тұлға ретінде қалыптастыруға, адамгершілік-рухани құндылықтарды, даналық пен тапқырлықты дәріптеуге бағытталған. Басты кейіпкер кедейлерді зұлымдық пен сараң байлардан қорғап жүреді. Әрі шапшаң, әрі жүйрік Алдар көсе үнемі қиын жағдайлардан шығып кетуге тырысады. Бұл жолы оқиға кейіпкеріне үлкен жауапкершілік жүктеледі, өйткені халықты Тағай ханның әділетсіз билігінен аман алып қалуы тікелей өзіне байланысты. Ол барлық қиындықты жеңе ала ма, өткір ақылы мен ептілігіне бұл жолы сенім арта ала ма?..

Басты рөлдерде Бекзат Бағытжанов, Медет Рахымберген ойнайды.

Мюзиклдің қоюшы-режиссеры – «Astana Musical» мемлекеттік театрының көркемдік жетекшісі Есләм Нұртазин, қойылымның авторлары – Ефрат Шарипов, Шыңғыс Маман, Есләм Нұртазин, Әннәс Бағдат, композитор – Ербол Нариманұлы, Ақжол Өмірзақов, «BN team» эстрада-симфониялық оркестр жетекшілері – Берік Батырхан, Ернар Нұртазин.

Алдар Көсемен бірге ертегі әлемін ашыңыз!

 

Поделиться в соц. сетях: