Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы Роза Бағланованың шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттауға, сондай-ақ жас вокалисттерді қолдауға және вокал өнерін дамытуға бағытталған ауқымды мәдени жоба.
Конкурсты Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізеді. Жобаның мақсаты – ұлттық және әлемдік музыкалық мәдениеттің үздік дәстүрлерін сақтау және ілгерілету, сондай-ақ дарынды орындаушыларды анықтап, қолдау көрсету.
Биыл конкурс екінші рет өткізіліп отыр. Оған Қазақстанның өңірлерінен, сондай-ақ Түркия, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстан вокалистерінен 150-ден астам өтінім келіп түсті.
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз