Еділ Басығараевтың «Толқында» атты шығармашылық кеші
Күні: 07.04.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Камералық зал
Қазақконцерт танымал күйші, композитор Бақыт Басығараевтың 100 жылдығына арналған Еділ Басығараевтың «Толқында» атты жеке концертіне шақырады.
Концерттік бағдарламада Бақыт Басығараев, Қазанғап, Қаршыға Ахмедияров, Үсен Төре, Боғданың күйлері мен халық әндері орындалады.
Іс-шарада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Елшібаева, Елмұра Жаңаберген, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ардақ Елеусіз және Жайық Басығара (роял аспабымен) өнер көрсетеді.
Еділ Басығараев - Мәдениет саласының үздігі, Мәдениет қайраткері, «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солисі, Қазанғап мектебінің ізбасары. Ғұмырын қазақ домбыра өнерінің сақталуы мен дамуына, Қазанғаптың күйлерін насихаттауға арнаған күйшінің «Толқында» жинағы жарыққа шыққан.
Кеш жүргізушісі - Жасұлан Наурызбай.
Бұл кеш - ұлттық өнерге тағзым етіп, ата-бабадан қалған асыл мұраға деген құрмет пен ізеттің көрінісі. Қапы қалмаңыз!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз