Болат Сарыбаевтың шығармашылығына арналған концерт
Күні: 22.05.2025 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал
Қазақтың көне музыкалық аспаптарын жаңғыртып, ұлттық мұраға өмір сыйлаған көрнекті зерттеуші Болат Сарыбаевтың шығармашылығына арналған ерекше концертке шақырамыз.
Кеш барысында ғасырлар тереңінен жеткен төл аспаптардың үні жаңаша сипатта шырқалып, тыңдарман назарына әсерлі де тың туындылар ұсынылады.
Бұл - ұлт рухын сезіндіріп, тарихи сана мен өнерді тоғыстыратын сырлы музыкалық кеш болмақ.
Әсерлі кеш көрерменге не сыйлайды?
Іс-шарада кімдер өнер көрсетеді?
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Клара Төленбаева, Раушан Оразбай;
Мәдениет саласының үздігі: Перизат Тұрарова, Мақсат Медеубек, Қайрат Айтбаев, Бауыржан Бекмұханбет;
Мәдениет қайраткері: Ерболат Шалдыбеков;
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері: Асқар Мұқият, Аяулым Қамажан;
Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары: Венера Табыс, Жанту Дадабаев, Аяулым Жұмкенова, Біржан Айтахмет.
«Гүлдер» би-ансамблі, «TURAN» этно-фольклорлық ансамблі, «Астана сазы» мемлекеттік фольклорлық ансамблінің әртістері Нұрбану Жүртекина, Бақытжан Желдірбаев, Гүлнұр Рахымжан
Сахна төрінде жаңғырған көне аспаптардың сиқырлы үні сізді Ұлы даланың шексіз кеңістігіне жетелейді.
Рухани шабыт пен тарихи мұраға толы музыкалық кештен қапы қалмаңыз
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз