X

Айман Мұсақожаеваның онлайн-концерті

04.04.2020

8 сәуір күні «Карантиндегі жұлдыз» жобасында әлемге танымал скрипкашы, Қазақстанның халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері Айман Мұсақожаева өнер көрсетеді. «Қазақконцерт» ұйымына қарасты «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрінің негізін салушы және көркемдік жетекшісі Айман Мұсақожаева скрипканың сырлы үнін онлайн форматта ұсынады.


Өзінің онлайн концертінде Айман Мұсақожаева көрермен сүйіп тыңдайтын классикалық музыканы, отандық композиторлардың туындыларын орындап, әдеттегідей виртуоздық шеберлігімен таңғалдырмақ. Бұған қоса әрбір көрермен сүйікті жұлдызымен онлайн чатта тілдесіп, өзінің сұрақтарын қоя алады. Өнер сүйер қауым Айман Мұсақожаеваның онлайн концертін 8 сәуір күні сағат 21:00-де Қазақтелекомның YouTubе арнасынан тегін тамашалай алады.  

Поделиться в соц. сетях: