X

"Карантиндегі жұлдыз" атты жаңа жоба

19.03.2020

Live форматындағы «Карантиндегі жұлдыз» атты жаңа жобаны бастаймыз! Жуырда қазақстандық артистер онлайн форматында Мәдениет және спорт министрлігінің Facebook және Қазақконцерттің Instagram парақшалары арқылы өз концерттерін ұсынады. Бұл онлайн концерттер барша көрерменнің көңілінен шығады деп сенеміз.
Сіздер фольклорлық, эстрадалық, классикалық және аспаптық концерттерді енді үйде отырып тамашалай аласыздар!

Концерт барысында өнер жұлдыздарымен тікелей сұхбаттасып, ой-пікірлеріңізді білдіре аласыздар. Ерекше концерттерді өткізіп алмаңыздар, қызықтың бәрі алда!

Қай артистердің концерттерін асыға күтесіздер? Сілтемені қараңыз https://www.instagram.com/p/B99RN21pT5A/

Поделиться в соц. сетях: