X

#ImanbekDanceChallenge

28.04.2021

2020 жылы әлемге танымал болған #JerusalemaDanceChallenge әлемдік челленджі жаңа форматқа ие болды. Қазақконцерттің Алматы қаласындағы филиалының әртістері бұл челленджді Иманбектің «Roses» (Imanbek Remix) хит әні негізінде жалғастырды.

Әсерлі флешмобқа Алтынбек Қоразбаев, Айжан Нұрмағамбетова, Жанна Орынбасарова, Сая Махамбет, Бибігүл Қилымхан, Перизат Омарбекова, Марал Анарбек, «Азия» және «Меломен» топтары қатысып, жаңа образдарымен таңғалдырды. Жаңа форматтағы челлендж пандемия кезінде халыққа қолдау көрсетуге және көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға бағытталған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, #ImanbekDanceChallenge позитивке шақырып, адамзатты бірлік пен ынтымаққа үндейді.


Қазақконцерт әртістері ендігі кезекте жаңа челленджді барлық концерттік ұйымдарға жолдап, өзіміздің қазақстандық таланттардың хиттерін трендке айналдыруға шақырады.

Поделиться в соц. сетях: