X

«Дарын» жастар сыйлығының лауреаттары белгілі болды

24.11.2021

«Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық жастар форумы аясында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Бұл мәртебелі сыйлықты «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттің ұйымының 3 әртісі иеленді:


* Ардақ Елеусіз – күйші, «Астана сазы» мемлекеттік фольклорлық ансамблінің әртісі, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты


* Рухия Байдүкенова – эстрада әншісі, «Славян базары» халықаралық байқауының гран-при иегері


* Әлібек Әлмадиев - эстрада әншісі, халықаралық байқаулардың лауреаты


Сыйлық иегерлеріне «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы мен диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы табысталды. Сыйлықтың биылғы иегерлерін ҚР Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев пен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева марапаттады.

Поделиться в соц. сетях: