X

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мекеменің «Әдеп Кодексінің» негізгі қағидаттары мен талаптарын таныстыру және мүдделер қақтығысына жол бермеу»

03.04.2024

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы «Astana musical» мемлекеттік театрының әртістеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және мекеменің «Әдеп Кодексінің» негізгі қағидаттары мен талаптарын таныстыру және мүдделер қақтығысына жол бермеу»  тақырыбында баяндама оқылды. Баяндама жасаған Qazaqconcert-тің құжатпен қамтамасыз ету бөлімінің инспекторы - комплеанс офицері Е. А. Тілепбердиев.

Жиналыс барысында:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан мемлекет саясаты;
  • СЖҚІҚА жүргізіп жатқан іс-шаралары;
  • «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау» есебінің қорытындысы; 
  • 2014 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты ерекшеліктері;
  • қызметтік «Әдеп кодексі» қызметкерлердің басшылыққа алатын жалпы этиканы жалпы қағидаттары мен нормаларының жиынтығы және т.б. тақырыптар талқыланды.

 

Жиналыс соңында жемқорлық пен тәртіп бұзушылықты тек бірлесе отырып жеңуге, азайтуға болатыны айтылды. Сөзжарыста  театр артистері тарапынан сұрақтар қойылып, қатысушылар, басшылар өзара пікір алмасты.

Поделиться в соц. сетях: