X

Алғашқы қазақстандық фильм-караоке

25.12.2020

1-қаңтардан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында «Жаңа жылдық кездесу» атты комедия көрсетіледі. Бұл барлық отбасымен тамашалауға болатын жаңа музыкалық фильм-караоке.


Танымал өнер жұлдыздары қатысатын кино нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Көрермен қауым жаңа фильмде Роза Рымбаева, Жеңіс Ысқақова, «МузАрт» тобы, Камшат Жолдыбаева, Айқын Төлепберген, Аргоня, Жұлдыз Өмірғали, Дәурен Айдарқұлов сынды әртістердің актерлік өнерін көре алады. Ал басты кейіпкердің рөлін белгілі комедия актері Еділ Анарбай сомдады.


Еліміздегі тұңғыш караоке-фильмнің қызықты оқиғалары Жаңа жыл қарсаңында басталады. Карантин кезінде Жаңа жылды көңілді атап өтуге тырысқан бас кейіпкер түрлі қызықты әрі авантюралық оқиғаларға тап болады. Көптеген кедергілерден сүрінбей өтуге оған танымал өнер жұлдыздары көмектеседі. Көрермендер сүйікті әртістерін мүлдем жаңа образда көреді. Пандемияға байланысты концерт, той және корпоративсіз ақша табуды үйренген әртістердің жағдайы да күрт өзгерген.


Фильмнің басты ерекшелігі: көрермендер кино барысында әртістермен бірге караоке форматында ән айтып, өздерін фильмнің тікелей қатысушысы ретінде сезіне алады.



Поделиться в соц. сетях: