X

«ТӨРЕМҰРАТ» Дарын Құдайбергеннің жеке шығармашылық кеші

Дата: 22.04.2023 Время: 18:00 Зал: ЦКЗ «QAZAQSTAN», Мангилик Ел, 10/1

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Астана Сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты Дарын Құдайбергеннің жеке шығармашылығына арналған «Төремұрат» атты концерттік іс-шара өткізеді.
Зерттеулерге сүйенсек, Қ.Сағырбайұлының «Төремұрат» атты күйінің тарихы тереңде жатыр. Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі аталмыш күйді киелі өңір Маңғыстау жерінде жүргенде дүниеге келтіріпті. Төремұрат – он екі ата Байұлының ішіндегі Таз руының атақты батырларының бірі. Туған елін сыртқы жаулардан қорғап, талай мәрте ерлік мәртебесіне ие болған.
Концерттік бағдарламада қазақ күй өнерінің классигі Құрманғазы Сағырбайұлының «Төремұрат», «Қайран шешем», «Ақсақ киік», «Ақбай», «Серпер» және т.б күйлері орындалады. Сондай-ақ, халық композиторларының үздік туындылары көрермендер назарына ұсынылады. Айта кетейік, бұдан бөлек Д.Құдайбергеннің репертуарында Құрманғазының «Байжұма», «Терісқақпай», Қазанғаптың «Торы жорға», «Күй шақырғыш Ақжелең», Махамбеттің «Жұмыр», Н.Тілендиевтің «Әлқисса», «Жекпе-жек» және т.б. күйлері бар. 
Кешке «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ардақ Елеусіз, халықаралық байқаулардың лауреаты Айзат Қарабекова, «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі және т.б. қатысады.
 

Поделиться в соц. сетях: