X

Алматыда Алтынбек Қоразбаевтың 75 жылдық мерейтойына арналған көрме ашылды

05.09.2023

Қала күні аясында Алматы музейінде Алтынбек Қоразбаевтың 75 жылдығына арналған «Сағындым Алматымды» көрмесі ашылды. Ауқымды коллекцияға Алтынбек Қоразбаевтың жеке заттары мен фотоқұжаттары, достары мен әріптестерінің сыйлықтары, сахналық костюмдер мен мұражай қорының фотоқұжаттары қойылды.

Естеріңізге сала кетейік, Алтынбек Қоразбаев - Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қырғыз Республикасының Халық әртісі. Ол заманауи қазақстандық музыкалық мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосты. «Аяулы Таразым», «Кенен ата», «Сырғалым», «Қара кемпір», «Қара шал», «Бозторғай», «Шашбаулым», «Агугай, домбыра», «Сағындым Кенен атамды», «Жиырма бес», «Үшқоңыр», «Сарыарқа», «Елге сәлем» сынды қазақстандықтардың сүйікті әндерінің және басқа да көптеген шығармалардың авторы.

Ал «Сағындым Алматымды» әні -  әсем қала Алматының әнұранына айналып, көпшіліктің жүрегінен орын алған шоқтығы биік шығарма.

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының ұжымы Қазақстанның Халық әртісі Алтынбек Қоразбаевты 75 жылдығымен құттықтай отырып, мерейтой иесіне одан әрі толағай табыс, шығармашылық шабыт, ұзақ өмір және отбасына амандық тілейді.

Поделиться в соц. сетях: