X

«ВИОЛОНЧЕЛЬ ЖӘНЕ ОРКЕСТР»

19.01.2023

         «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі баршаңызды әлемге әйгілі виолончелист Александр Хюльсхоффтің (Германия) қатысуымен өтетін «Виолончель және оркестр» атты классикалық музыка кешіне шақырады. Оркестрдің дирижері – Клод Вилларе (Швейцария).

        Концерттік бағдарламада әлемдік классикалық музыка жауһарлары орындалады:

         1. Людвиг ван Бетховен. Коллиннің «Кориолан» трагедиясына увертюра, ор.62

        2. Д.Шостакович. Виолончель мен оркестрге арналған №1 концерт, op.107, ми бемоль мажор

        3. И.Брамс №1 Симфония до минор, ор. 68

       Александр Хюльсхофф әлем елдеріндегі концерттік алаңдарда өзін виртуозды виолончелист ретінде таныта білді, музыкалық интуиция қабілетімен, аспапта ойнаудың үлкен мәнерлілігімен ерекшеленеді. Ол Израиль, Корея, Ұлыбритания, Канада, Малайзия, Испания, Португалия, Франция және Бразилияның ең танымал сахналарында өнер көрсетті.

Клод Вилларе швейцариялық және шетелдік композиторлардың алғашқы спектакльдеріне дирижерлік етті. Ол видео инсталляциялар мен заманауи музыканы біріктіретін жобаларды жүзеге асырды. Танымал дирижер Novalis және Лондон Корольдік филармония оркестрімен бірге неміс ARS Produktion компаниясы лейблімен CD диск шығарды. К.Вильярет өзінің музыкалық жаңа үйлесімділігі мен ерекше техникасының арқасында оркестрді орындаушылықтың ең жоғары деңгейіне жеткізді. Онымен бірнеше рет сахнаға шыққан Франсиско Арайса, Димитрис Сгурос, Антонио Менезес, Петер Бёрнс сияқты солистер оның концертмейстер ретіндегі шеберлігін жоғары бағалайды. 

 

Поделиться в соц. сетях: