Қазақконцертте «С любовью к опере» атты музыкалық кеш өтті
26.02.2026
Қазақконцертте «С любовью к опере» атты музыкалық кеш өтті.
Кеш бағдарламасында Дж. Верди, А. Дворжак, П. Чайковский, С. Мұхамеджанов операларынан ария, дуэт және сахналық көріністер, сондай-ақ, тағы басқа композиторлардың романстары мен вокалдық миниатюралары орындалды.
Сахнада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Долорес Умбеталиева (рояль), Медет Чотабаев (тенор), «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Расул Жармағамбетов (баритон) және Ұлпан Әубәкірова (сопрано) өнер көрсетті.
Концерт ерекше форматта өтті. Көрермен сахна төрінен орын алғаны әрбір орындаушының сезімдерін тереңірек түсініп, өнердің сиқырлы сәттерімен бөлісуге мүмкіндік берді.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз