X

ҚАЗАҚ ЭСТРАДАСЫНЫҢ ЖАРҚЫН ӘУЕНДЕРІНЕ НЕГІЗДЕЛГЕН SOUL VIBE КОНЦЕРТІ ӨТТІ

16.09.2026

16 қыркүйекте ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Үлкен залында SOUL VIBE концерті өтті.
Кеште Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Құрмаш Махан мен Ақбота Керімбекова, Халықаралық конкурстардың лауреаттары Абзал Өсімбаев, Алтыншаш Мұқатаева, Әлібек Әлмадиев, Ербол Тәжібаев, Нұрай Шеру, Сұлтан Ахмет, сондай-ақ танымал әншілер Анна Уварова, Меруерт Желдібаева, Ақбөпе Әлібекова, Азамат Темірбаев, Асылхан Шалқаров және Гүлсім Мырзабек өнер көрсетті.
Концерт барысында халық арасында атанымал «Жан сырым», «Сүйгенің болса не арман», «Өткен күндер», «Жан ана», «Үкілім-ай», «Егіз лебіз», «Жер Ана», «Imagine», «Құдаша», «Қош, махаббат», «Аппақ гүлдер» және басқа да көпшілік сүйіп тыңдайтын әндер шырқалды.
Сахна төрінде солистермен бірге «Saz&Soul» вокалды-аспаптық ансамблі, G-band, Steppe Sons тобы өнер көрсетті. Ерекше атап өтетіні, «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінің Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы NOMAD FEST фестивалінің «Этно-би» халықаралық байқауына дайындаған «Қорқыт»хореографиялық қойылымы да бүгінгі концертте көрермен назарына ұсынылып, өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді.  Жанды дауыс, заманауи музыкалық үндестік пен әсерлі хореография тоғысқан концерт көрерменге көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсер сыйлады.

Поделиться в соц. сетях: