X

"Бірге жеңеміз" бейнебаяны көрерменге жол тартты

04.09.2020

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы  «Бірге жеңеміз» атты жаңа бейнебаян ұсынады. Жаңа туынды осынау қысылтаяң сәтте алапат ауруға төтеп берген ел азаматтарына арналады. Оның ішінде барша елдің мұңын арқалаған ақ халаттылар, жүрегі жылы жомарт жандар, елі үшін түрлі сынақты еңсерген, жұдырықтай жұмылып, күйзелістен арылған, арманы асқақ адамдар бар. «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы бұл бейнебаян арқылы бес саусақтай бірігіп, әлеуметтік арақашықтықты сақтап, санитарлық талаптарды мұқият орындап, тұтастай алғанда аты жаман аурудан алшақ жүруге үндейді.

«Бірге жеңеміз» әнінің мәні өте өзекті. Басты назарда – өтпелі кезеңдегі барлық қиындыққа абыроймен төтеп беріп, дамудың жаңа жолына түскен халық. Бейнебаянға Қазақконцерттің танымал әртістері мен елімізге белгілі өнер жұлдыздары түскен. Олардың қатарында Роза Рымбаева, Алтынбек Қоразбаев, Жеңіс Сейдуллаұлы, Мақпал Жүнісова, Айжан Нұрмағанбетова, Құрмаш Махан, Мөлдір Әуелбекова, Жазира мен Жанболат, «Азия», «Назар», «Меломен» топтары т.б. Жаңа музыкалық туындының әнін Нұрсұлтан Батырқұлов, ал сөзін Құрманай Бахтиярқызы жазған.

"Бірге жеңеміз" бейнебаянын Qazaqconcertlive YouTube арнасынан тамашалай аласыздар





Поделиться в соц. сетях: