X

ҚАЗАҚКОНЦЕРТ 65-КОНЦЕРТТІК МАУСЫМЫН БАСТАДЫ

07.09.2025

Астанада Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының 65-концерттік маусымының салтанатты ашылуы өтті.

Мерейлі маусым аясында өнерсүйер қауымға жол тартатын шығармашылық бағыттар мен жаңашыл жобалар ерекше. Концерттік бағдарламада отандық эстрада жұлдыздары, танымал сахна шеберлері мен жас таланттар бас қосып, таңғажайып музыкалық шоу ұсынады. Көрермендер түрлі музыкалық стильдер мен жанрларды қамтитын кең ауқымды бағдарламаларды тамашалай алады. Олардың қатарында көңіл көтеруге арналған заманауи жобалар, ұлттық музыкалық мұраны дәріптейтін қойылымдар, жанды орындауда шырқалатын әндер, заманауи эстраданың үздік туындылары, вокалдық және хореографиялық композициялар, премьералық қойылымдар, жанды дуэттер, жаңа толқын өнерпаздарының орындауындағы креативті шешімдер мен әлемдік музыка элементтері бар.

Ал 65-концерттік маусымның салтанатты ашылуында ұлттық және әлемдік опера, халық әндерінен попурри, отандық композиторлардың туындылары, хореографиялық композициялар, бүгінгі күннің ең танымал әндері мен музыкалық жанрларды қамтитын ерекше нөмірлер көрермен назарына ұсынылды.

Іс-шараға Қазақстанның Халық әртісі Айман Мұсахаджаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Құрмаш Махан, Гүлсім Мырзабекова, Бибігүл Жанұзақ, Айзат Қарабек, Салтанат Ахметова, «Құрмет» орденінің иегері Айзада Капонова, «Ерен еңбегі үшін»  медалінің иегері Бауыржан Исаев, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Алибек Альмадиев, Әділхан  Макин, Аяулым Қамажан, Мәдениет саласының үздігі Перизат Тұрарова, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Ибраһим Амин, Жанна Сандыбаева, Дәрия Бекпенбет, Нұрсұлтан Әнуарбек, Жаслан Кәрім, Сұлтан Ахмет, Ақбөпе Әлібекова, Жібек Сапарғалиева, «Гүлдер» және «Бірлік» ансамбльдерінің балеті, «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі, «SAZ&SOUL» вокалды-инструментальды ансамблі, «FORTE TRIO» мемлекеттік триосы, «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығы және «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік мюзикл театры қатысты.

Поделиться в соц. сетях: