Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі «Жаңа Әлем» концертін ұсынды
04.06.2026
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 2026 жылғы 4 маусымда Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің «Жаңа Әлем» концерті өтті.
Концерт бағдарламасы ұлттық және әлемдік симфониялық музыка туындыларын қамтыды. Салтанатты кеш аясында Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсынан би сюитасы орындалды.
Сонымен қатар Эдвард Григтің «Пер Гюнт» сюитасының бірінші бөлімі және бағдарламаның негізгі туындысы Антонин Дворжактың №9 «Жаңа Әлем» («From the New World») симфониясы орындалды.
Концерттің мақсаты – симфониялық музыканы насихаттау, ұлттық композиторлар мұрасын дәріптеу және әлемдік классикалық өнер туындыларын көрермен назарына ұсыну.
Мұндай жобалар Отандық симфониялық өнердің дамуына серпін береді.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз