«ASTANA MUSICAL» МЕМЛЕКЕТТІК ТЕАТРЫ КАСТИНГ ЖАРИЯЛАЙДЫ!
09.09.2026
«Astana Musical» мемлекеттік театры әртіс лауазымына талантты, сахнаға ынталы әрі жан-жақты үміткерлерді кастингке шақырады.
Кандидаттарға қойылатын талаптар:
«Хореография» бағыты бойынша арнаулы орта немесе жоғары білім туралы дипломының болуы;
Жасы: 18–25 жас аралығы.
Кастингке қатысушы өз таңдауы бойынша бір вокалдық шығарма, еркін тақырыптағы би нөмірі, заманауи би немесе хореографиялық нөмір, әлемдік мюзиклден вокалдық, хореографиялық немесе музыкалық-драмалық үзінді орындауы тиіс.
Бағалау критерийлері:
вокалдық және хореографиялық қабілеті;
орындаушылық техникасы;
музыкалық қабілеті мен ырғақты сезінуі;
пластикасы және қимыл үйлесімділігі;
артистизмі мен сахналық мәнерлілігі;
актерлік шеберлігі;
сахна мәдениеті;
дене дайындығы және музыкалық театрда жұмыс істеу әлеуеті.
Кастинг өтетін күн: 28 қыркүйек
Басталуы: 11:00
Мекенжайы: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1, Qazaqconcert, Камералық зал.
Өтінім қабылдау және байланыс:
+7 777 648 62 82 (WhatsApp)
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз