Елорда әкімі "Қазақконцерт" ұжымын құттықтады
09.10.2020
«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымына алпыс жыл толуына орай Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің құттықтауын жолдады.
«60 жыл дегеніміз — құрметке лайық үлкен шығармашылық жол. Бүгінде тарихы бай «Қазақконцерт» – еліміздің ең ірі музыкалық ұйымы. Мәдениет пен өнер тілі – баршамызға ортақ, түсінікті, әмбебап тіл. Мәдениет кез келген мемлекет пен ұлттың дамуына негіз болған. Алдағы уақытта да ұжым мол білімі мен тәжірибесін мәдениет саласының игілігі жолында жұмсай бергей. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін!» - деді елорда басшысы.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз