X

Қазақконцерт әртістеріне мемлекеттік наградалар табысталды

14.12.2021

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұйымының әншілері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Наградаларды табыстаған Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өнер саласының дамуына зор үлес қосқан әртістерге алғыс білдіріп, құттықтауын жеткізді.


І дәрежелі «Барыс»  орденімен Қазақстанның халық әртісі, Алматы қаласындағы Қазақконцерт филиалының директоры Алтынбек Қоразбаев марапатталды.


«Құрмет» ордендерін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Айжан Нұрмағамбетова және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші-композитор Жанғали Жүзбай иеленді.


Жас әншілеріміз – Рухия Байдүкенова «Шапағат» медалінің, Әлібек Әлмадиев «Құрмет» грамотасының иегерлері атанды.

Осындай жоғары дәрежелі марапаттарға ие болған әртістерді шын жүректен құттықтаймыз! Өнерлеріңіз өрге жүзіп, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер!

Поделиться в соц. сетях: