X

«Astana Musical» мемлекеттік театры «COVID-19» би перформансын ұсынады

23.01.2023

Жаңа спектакльдің атауы айтып тұрғандай, басты назарда – 2020 жылдың ең танымал сөзіне айналған «COVID-19» құбылысы. Қойылымда ойдан шығарылған кейіпкерлер мен үйреншікті сахналық образдар жоқ. Туынды толығымен өміріміздің қазіргі болмысын көрсететін шынайы оқиғаларға негізделген. «COVID-19» хореографиялық спектаклі – бұл мәңгілік құндылықтар туралы пайымдаулар, адамдардың ішкі ой-толғанысы, санамыздағы өзгерістер, көпшіліктің қисынсыз әрекеттері мен ойға қонымсыз түсініктері, жақындарынан айырылған азаматтардың қайғы-қасіреті...  

Әлемді күрт өзгерткен «COVID-19» пандемиясы бізді өзгерте алды ма?  Сақтық шаралары мен шектеулерге дейінгі өмір қайта оралды ма? Осы және өзге де өзекті сауалдардың жауабын «COVID-19» атты хореографиялық спектакльден таба аласыздар.

 

Поделиться в соц. сетях: