X

«ASTANA MUSICAL» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЮЗИКЛ ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСАДЫ

26.05.2023

ТЭГУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЫКА ФЕСТИВАЛІ - әлемнің түкпір-түкпірінен келген мюзиклдер қатысатын халықаралық қойылымдар фестивалі. 2006 жылдан бері Тэгу қаласы әлемдегі алғашқы кәсіби музыка фестивалін ұйымдастыра бастады. Бұл әр жазда жергілікті мәдениет, спорт және туризм министрлігінің қолдауымен өткізілетін халықаралық шара. DIMF фестивалі - бүкіл әлем бойынша қойылымдарды, орындаушыларды және көрермендерді біріктіретін Азиядағы алғашқы халықаралық музыка фестивалі және Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласының мәдениет индустриясының бренді.

«Astana Musical» мемлекеттік театры - Тэгу қаласындағы 17-ші халықаралық мюзикл фестивалінің (DIMF) ресми шақырту алған қонағы.

 «Astana Musical» – еліміздегі және Орталық Азиядағы тұңғыш мемлекеттік мюзикл театры. Театрдың көркемдік жетекшісі – белгілі режиссер Есләм Нұртазин.

Фестиваль аясында «Astana Musical» мемлекеттік театры көрермендерге «Роза Бағланова» мюзиклін паш етпекші.

Мюзиклде КСРО Халық әртісі, Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақстанның Халық Қаһарманы Роза Бағланованың балалық және жастық шағы, сондай-ақ, соғыс жылдарындағы қиын тағдыры, өмірінің қилы сынақтары, аты аңызға айналған әншінің өміріндегі шешуші кезеңдері, оның үлкен шығармашылық жолының қалыптасуы баяндалады.

2 маусым, сағат 19:30-да және 3 маусым сағат 14:00-де (жергілікті уақыт бойынша) жоспарланған «Daegu Opera House» сахнасында «Роза Бағланова» мюзиклінің 2 көрсетілімі болады.

Аталған фестивальға Қазақстаннан басқа Франция, Германия, Ұлыбритания, Корея сынды елдердің өнерпаздары өнер көрсетеді. Сондай-ақ, «Astana Musical» театры фестивальдің жабылу салтанатына қатысады.

Оңтүстік Кореялық «Naver TV» платформасында «Роза Бағланова» мюзиклінің тікелей көрсетілімі көрсетілетін болады.

                                                                                                                           

 

Поделиться в соц. сетях: