X

АСҚАР МҰҚИЯТТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ

26.05.2023

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты,  Асқар Мұқияттың жеке шығармашылығына арналған «Асқар асу» атты концерттік іс-шара өтеді.

Асқар Мұқият – дәстүрлі әнші, көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, 2017 жылы «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің бас жүлдегері атанды. Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайрат Байбосынов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ербол Сарин мен Махмұд Тойкенов сынды өнер майталмандарынан дәріс алған. Орталық Азия және  Еуропа елдерінің сахналарында қазақ өнерін насихаттау мақсатында жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Кешке ҚР Мәдениет саласының үздігі Перизат Тұрарова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Рухия Байдүкенова, композитор, «SAZ&SOUL» вокалды-инструментальды ансамблінің көркемдік жетекшісі Әділжан Толықпаев, халықаралық байқаулардың лауреаты Айзат Қарабекова, Қайсар Мұхтар, Дана Молдағалиева, «Гүлдер» ансамблі және «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі қатысады.

Іс-шара барысында халық композиторларының төл туындылары мен заманауи әндер орындалады.

Поделиться в соц. сетях: