X

Рухия Байдүкен «Славян базары-2021» халықаралық байқауының бас жүлдесін жеңіп алды

19.07.2021

Жеңіс құтты болсын!


Рухия Байдүкен Беларусь елінде өткен «Славян базары-2021» халықаралық байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Қазақ мәдениетін әлемге танытып, өнердің биік белестерін бағындыра беріңіз! 


Рухия Байдүкен бұдан бұрын да көптеген республикалық және халықаралық байқауларға қатысып, вокалдық талантын шыңдаған. Талдықорған қаласының тумасы, Қазақ Ұлттық өнер университетінің студенті. Оның дауысы төрт жарым октаваға жетеді. Бұл байқауға Рухия белгілі продюсер, бірнеше халықаралық байқаудың директоры Қарлығаш Әбдікәрімованың жетекшілігімен қатысты.


Еске салсақ, әлемге танымал «Славян базары» байқауы 1992 жылдан бері өткізіліп келеді. Біздің еліміздің атынан бұл байқауда Әлішер Кәрімов (2011), Димаш Құдайберген (2015), Әміре (2018), Әділхан Макин (2019) өнер көрсетіп, қазақ өнерін жоғары деңгейде таныта білді.

Поделиться в соц. сетях: